«Әкімшілік-аумақтық бірліктердің (көліктегі) бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері мен олардың орынбасарларын айқындау туралы» Вице-министр - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 117 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Вице-министрі - Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 29 шілдедегі № 628 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрінің 2022 жылғы 28 қарашадағы № 1074 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 37-бабының 1-тармағының 1), 2) тармақшаларына, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес, «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 102 бұйрығын басшылыққа ала отырып БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әкімшілік-аумақтық бірліктердің (көліктегі) бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерін және олардың орынбасарларын айқындау туралы» Вице-министр - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 117 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Әкімшілік-аумақтық бірліктердің (көліктегі) бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері мен олардың орынбасарларын айқындау туралы» Вице-министр - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 117 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Вице-министр - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 5 шілдедегі № 544 бұйрығының күші жойылсын.