Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың жазасын өтеу кезеңінде орнын ауыстыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министр генерал-лейтенантының 2014 жылғы 22 тамыздағы № 550 бұйрығы
(2020.18.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 10 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексі 16-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың жазасын өтеу кезеңінде орнын ауыстыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер минисстрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (Б. Бердалин):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. «Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың орнын ауыстыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 185 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 28 сәуірде № 7604 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінің 2012 жылғы 26 мамырдағы № 154-156 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция полковнигі Б.Б. Бисенқұловқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (Б. Бердалин) жүктелсін.
5. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Министр полиция генерал-лейтенанты | Қ. Қасымов |
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 22 тамыздағы
№ 550 бұйрығымен
бекітілген
Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың жазасын өтеу кезеңінде орнын ауыстыру
қағидалары
Жалпы ережелер