Денсаулық сақтау саласындағы кадрларға қажеттілікті және медициналық мамандықтар бойынша оқуға қабылдау көлемін айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2026 жылғы 30 қыркүйектегі № 127 бұйрығы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 17-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау саласындағы кадрларға қажеттілікті және медициналық мамандықтар бойынша оқуға қабылдау көлемін айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы | Т. Султангазиев |
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 127 бұйрықпен
бекітілген
Денсаулық сақтау саласындағы кадрларға қажеттілікті және медициналық мамандықтар бойынша оқуға қабылдау көлемін айқындау
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер