Екiншi деңгейдегi банктердің пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 75 Қаулысы
(2016.30.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2016 жылғы 8 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі және «Мемлекеттік статистика» туралы 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016.30.05. № 143 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес екiншi деңгейдегi банктердің пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігінің тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептің нысаны;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген активтердің талдамасы туралы есептің нысаны;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелердің талдамасы туралы есептің нысаны;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген туынды қаржы құралдары бойынша шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелердің талдамасы туралы есептің нысаны;
6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес айрықша пайыздық тәуекелді есептеудің (валюталар бөлігінде) талдамасы туралы есептің нысаны;
7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес уақыт аралықтары бойынша ашық позицияларды бөлу (валюталар бөлігінде) туралы есептің нысаны;
8) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес жалпы пайыздық тәуекелді есептеудің (валюталар бөлігінде) талдамасы туралы есептің нысаны;