Астана қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы
Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 333/42-VI шешімі
(2019.06.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 30 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 75-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Астана қаласы мәслихатының 2019.06.03. № 354/45-VI шешімімен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Астана қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2019 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн:
1) кiрiстер - 406 300 487 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер бойынша - 264 146 677 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер бойынша - 1 720 438 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша - 7 317 848 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 133 115 524 мың теңге;
2) шығындар - 379 841 918,9 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу - 10 865 274 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттік кредиттер - 10 865 280 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 6 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо - 20 405 832 мың теңге, оның iшiнде:
қаржы активтерiн сатып алу - 20 405 832 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - (-4 812 537,9) мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 4 812 537,9 мың теңге;
7) қарыздар түсімдері - 20 065 280 мың теңге;
8) қарыздарды өтеу - (- 19 922 232) мың теңге.
9) Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 4 669 489,9 мың теңге.
2. 2019 жылға республикалық бюджетке бюджеттiк алу 30 039 508 мың теңге сомасында қарастырылсын.
3. «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап:
1) жалақының ең төмен мөлшерi - 42 500 теңге;