Введите номер документа
Прайс-лист

«Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № 246 бұйрығы (2023.27.06. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датапонедельник, 6 мая 2019
Статус
Утратил силу
утратил силу с 24 июля 2023

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № 246 бұйрығы

(2023.27.06. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Әділет министрінің м.а. 2023 жылғы 5 шілдедегі № 464 бұйрығымен күші жойылды

 

ҚР Әділет министрінің 2021.14.06. № 500 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларының 68-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қағаз түріндегі нормативтiк құқықтық актiнi мемлекеттiк тiркеу туралы қорытындының нысаны;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнің нысаны;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нормативтiк құқықтық актiнi мемлекеттiк тiркеу туралы мөртабанның нысаны бекітілсін.

2. «Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 24 қыркүйектегі № 1441 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17441 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 8 қазанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдасын.

4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Әділет министрі

 

М. Бекетаев

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом