«Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 123 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 140 бұйрығы
ҚР Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 22 мамырдағы № 138 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 123 бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:
9-тармақ мынадай редакциядағы 6-абзацпен толықтырылсын:
Қашықтықтан оқыту (ҚО) шеңберінде білім алушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру және оқу тапсырмаларын орындау жөнінде педагогтерге арналған әдістемелік ұсынымдар (5-қосымша);
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті (М.Т. Мелдебекова) осы бұйрықты облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары басшыларының назарына жеткізсін.
3.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 13 сәуірдегі
№ 140 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 1 сәуірдегі
№ 123 бұйрығына 5-қосымша
Қашықтықтан оқыту (ҚО) шеңберінде білім алушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру
және оқу тапсырмаларын орындау жөнінде педагогтерге арналған
әдістемелік ұсынымдар
1 - тарау. Жалпы ережелер