Тараз қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы
Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2022 жылғы 30 наурыздағы № 13-6 шешімі
Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 2-3 шешімімен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 9-бабына және «Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 715 Жарлығына сәйкес, Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тараз қалалық маслихатының регламенті осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Тараз қалалық мәслихатының хатшысы | Б. Кулекеев |
Тараз қалалық мәслихатының
2022 жылғы 30 наурыздағы
№ 13-6 шешіміне қосымша
Тараз қалалық мәслихатының Регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Тараз қалалық мәслихатының осы регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабына сәйкес әзірленді және мәслихаттың сессияларын, оның органдарының отырыстарын өткізу, оларға білім беру және мәслихат органдарын сайлау мәселелерін енгізу және қарау, олардың қызметі туралы есептерді, халық алдында мәслихаттың атқарған жұмысы және оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есептерді тыңдау, депутаттық сауалдарды, өкілеттіктерін қарау тәртібін, мәслихаттағы депутаттық бірлестіктердің қызметін ұйымдастыруды, сондай-ақ дауыс беру тәртібін, аппарат жұмысын ұйымдастыруды және басқа да рәсімдік және ұйымдастырушылық мәселелерді белгілейді.