Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық мемлекеттік органдардың меморандумдарын әзірлеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 01-38.49 бұйрығы (2016.09.11. берілген толықтырулармен)

Информация о документе
Датачетверг, 31 декабря 2015
Статус
Действующийвведен в действие с 7 февраля 2016
Дата последнего изменениявоскресенье, 1 января 2017

Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық мемлекеттік органдардың меморандумдарын әзірлеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 01-38.49 бұйрығы

(2016.09.11. берілген толықтырулармен)

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 62-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық мемлекеттік органдардың меморандумдарын әзірлеу және бағалау қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы осы бұйрықты заңнамада белгіленеген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Президенті Кеңсесінің бастығы М. Б. Қасымбековке жүктелсін.

4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасы

Президенті Әкімшілігінің Басшысы

 

Н. Нығматулин

 

Қазақстан Республикасы Президенті

Әкімшілігі Басшысының

2015 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 01-38.49 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және

есеп беретін мемлекеттік органдардың меморандумдарын әзірлеу және бағалау

қағидалары

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың меморандумдарын әзірлеу және бағалаудың осы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 62-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленген.

2. Аталған Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) есеп беретін органдар - арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом