«Ревизиялық (тексеру) комиссиялардың төрағасы мен мүшелерінің лауазымдарына кандидаттарды іріктеу қағидалары және оларды бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2024 жылғы 9 қыркүйектегі № 12-НҚ нормативтік қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 15-НҚ нормативтік қаулысы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ревизиялық (тексеру) комиссиялардың төрағасы мен мүшелерінің лауазымдарына кандидаттарды іріктеу қағидалары және оларды бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2024 жылғы 9 қыркүйектегі № 12-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35052 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Ревизиялық (тексеру) комиссиялардың төрағасы мен мүшелерінің лауазымдарына кандидаттарды іріктеу қағидалары және оларды бағалау өлшемшарттары осы нормативтік қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Жоғары аудиторлық палатаның Заң департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы нормативтік қаулының Жоғары аудиторлық палатаның интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Жоғары аудиторлық палатаның аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы | А. Смаилов |
Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық палатасының
2024 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 15-НҚ Нормативтік қаулыға
қосымша
Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық палатасының
2024 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 12-НҚ нормативтік қаулысымен
бекітілген
Ревизиялық (тексеру) комиссиялардың төрағасы мен мүшелерінің лауазымдарына