Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ЖОБАЛАРЫНА ҒЫЛЫМИ С...

Информация о документе
Датасреда, 31 августа 2016
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясреда, 31 августа 2016

Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ғылыми сараптама жүргiзу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 497 Қаулысы

 

Осы редакция 2020 жылғы 16 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 30-бабының 4-тармағына және 33-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қoca берiлiп отырған Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ғылыми сараптама жүргiзу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2016 жылғы 31 тамыздағы

№ 497 қаулысымен

бекітілген



Нормативтiк құқықтық актілердің жобаларына ғылыми сараптама жүргізу

қағидалары


1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ғылыми сараптама жүргізу қағидалары «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 30-бабының 4-тармағына және 33-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ғылыми сараптама ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.

2. Нормативтік құқықтық актілердің ғылыми сараптамасы:

1) жобаның сапасын, негiздiлiгiн, уақтылылығын, құқыққа сыйымдылығын, жобада Қазақстан Республикасының Конституциясында бекiтiлген адам және азамат құқықтарының сақталуын бағалау;

2) нормативтік құқықтық актiнiң ықтимал тиiмдiлiгiн айқындау;

3) жобаның нормативтiк құқықтық акт ретiнде қабылдануының ықтимал терiс салдарын анықтау үшін жүргізіледі.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом