«2023 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету және «2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 987 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 574 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 41, 79 және 111-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 2023 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету жүзеге асырылсын.
2. «2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 987 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2-тармақта:
мынадай мазмұндағы 2-9) тармақшамен толықтырылсын:
«2-9) осы қаулыға 2-9-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жұмыспен қамту мәселелері бойынша азаматтарды әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерінің сомаларын бөлу;»;
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
мына:
«
| | | | Барлығы: | 2 431 424 534 | 1 601 864 120 | 1 154 292 724 |
| | | | I. Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалар | 377 443 980 | 219 009 111 | 109 141 897 |
»
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
| | | | Барлығы: | 2 415 576 201 | 1 601 864 120 | 1 154 292 724 |
| | | | I. Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалар | 375 385 000 | 219 009 111 | 109 141 897 |
»;
мына:
«
| | | | | Қорғаныс | 64 599 969 | 51 764 332 | 13 155 941 |
| 202 | | | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі | 47 541 603 | 21 812 004 | |
| | 006 | | Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау объектілерін салу және реконструкциялау | 47 541 603 | 21 812 004 | |
| | | 100 | Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау объектілерін салу және реконструкциялау | 47 541 603 | 21 812 004 | |
»
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
| | | | | Қорғаныс | 63 090 668 | 51 764 332 | 13 155 941 |
| 202 | | | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі | 46 032 302 | 21 812 004 | |