«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 635 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 824 бұйрығы
«2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 2 желтоқсандағы № 379-VI Заңына сәйкес, сондай-ақ «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 635 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Стратегиялық жоспарлау департаменті осы бұйрықты қабылдағаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Р. Дәленов
2020 жылғы «___»_________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е.Жамаубаев
2020 жылғы «___» ___________
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2020 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 824 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 635 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған
стратегиялық жоспары
1-бөлім. Миссиясы және ұстанымы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі миссиясы: өз құзыреті шегінде мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз ету, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету.