Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының айырым белгілерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 77 бұйрығы
Осы редакция 2016 жылғы 3 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 144 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері үлгілерінің сипаттамасы мен суреттерінің 2 және 8-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының айырым белгілері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының бастығы:
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдары қызметкерлерінің шеврондарын, дербестендірілген белгілері мен кеуде белгілерін жасауды және олармен бағынысты мекемелер мен бөлімшелерді қамтамасыз етуді ұйымдастырсын;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;
3) мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін ресми жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын;
4) ресми жарияланғаннан кейін бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің веб-сайтына орналастырсын.
3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.