Уақытша теңгерімдеу төлемақысын есептеу және төлеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 11 бұйрығы
(2023.12.06. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 124-6-бабының 10-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Уақытша теңгерімдеу төлемақысын есептеу және төлеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2023.26.05. № 83 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 12 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
| Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. | Т. Жаксылыков |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің м.а.
2023 жылғы 26 қаңтардағы
№ 11 бұйрықпен
бекітілген
Уақытша теңгерімдеу төлемақысын есептеу және төлеу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер