Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары әскери-дәрігерлік комиссияларының әкімшілік көрсеткіштерін есептеу әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 11 шілдедегі № 555 бұйрығы
Осы редакция 2024 жылғы 18 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары әскери-дәрігерлік комиссияларының әкімшілік көрсеткіштерін есептеу әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Орталық әскери-дәрігерлік комиссиясы (М.Ш. Ниязов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында электронды түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2024 жылғы 11 шілдедегі
№ 555 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары әскери-дәрігерлік комиссияларының әкімшілік көрсеткіштерін
есептеу әдістемесі