Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ДІНИ ІС-ШАРАЛАРДЫ ӨТКІЗУГЕ АРНАЛҒАН ҮЙ-ЖАЙЛАРДЫ ҒИБ...

Информация о документе
Датачетверг, 23 апреля 2015
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениячетверг, 23 апреля 2015

Осы редакция 2017 жылғы 26 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрінің

2015 жылғы 23 сәуірдегі

№ 147 бұйрығына

6-қосымша

 

 

«Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан)

 тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру»

 мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер

 

1. «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен әзірленген.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметі облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесімен жүзеге асырылады.

 

 

2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi

 

4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмi:

1) құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап - күнтiзбелiк 30 (отыз) күн;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут;

3) кызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут.

5. Мемлекеттiк қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.

6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi - діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы келісу-хат не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысан - қағаз түрінде.

7. Мемлекеттiк қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетiледi.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом