Шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын нақтылауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 744 бұйрығы
Осы редакция 2025 ж. 10 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығына нақтылау жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі | Е. Досаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А.С.Мамытбеков
2015 жылғы 3 желтоқсан
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 744 бұйрығымен
бекітілді
Шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын нақтылауды жүргізу
қағидалары
1. Жалпы ережелер