Қазақстан Республикасының азаматы паспортының, Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың, азаматтығы жоқ адам куәлігінің, жол жүру құжатының үлгілерін және оларды қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 533 бұйрығы
(2025.16.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Ішкі істер министрінің 2024.13.06. № 491 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2024 ж. 15 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 1) тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ішкі істер министрінің 2024.07.02. № 117 бұйрығымен (2024 ж. 25 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.13.06. № 491 бұйрығымен (2024 ж. 15 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматы паспортының үлгiсі және оны қорғауға қойылатын талаптар;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлiгiнің үлгiсі және оны қорғауға қойылатын талаптар;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың үлгiсі және оны қорғауға қойылатын талаптар;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес азаматтығы жоқ адам куәлігінің үлгiсі және оны қорғауға қойылатын талаптар;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жол жүру құжатының үлгісі және оны қорғауға қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Осы қаулы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары, Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәліктері, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттар, азаматтығы жоқ адамдардың куәліктері олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жарамды деп саналсын.