«Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлiгiнiң Аэроғарыш комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 21 қазандағы № 526/НҚ бұйрығы
«Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 997 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлiгiнiң Аэроғарыш комитеті туралы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 26 шiлдедегi № 177/НҚ бұйрығының;
2) «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 177/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 102/НҚ бұйрығының;
3) «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 177/НҚ бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № 46/НҚ бұйрығының;