«Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 19 қазандағы № 170 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10194 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген бензин (авиациялықтан басқа), дизель отынын өндіру, бензинді (авиациялықтан басқа), газохол, бензанол, Нефрас, жеңіл көмірсутектер қоспалары, экологиялық отын, дизель отынын көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаның нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тізбесінде:
реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 12 | Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі | Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі | Геодезиялық жұмыстарды жүргізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама |
| Картография жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама |
| Аэротүсірілім жұмыстарын жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама |
| Байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама |