2016 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету және «2016 - 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 773 Қаулысы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 111-бабына сәйкес және «Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 350 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2016 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету жүзеге асырылсын.
2. «2016 - 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесінде:
«I. Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалар» деген бөлімде: «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» деген 1-функционалдық топ мынадай редакцияда жазылсын:
«
Функционалдық топ | Атауы | Сомасы, мың теңге |
Әкімші | 2016 жыл | 2017 жыл | 2018 жыл |
Бағдарлама |
Кіші бағдарлама |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | | | | Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер | 2 229 182 | 2 347 277 | 610 030 |
| 204 | | | Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі | 857 792 | | |
| | 010 | | Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру | 857 792 | | |
| | | 101 | Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерін орналастыру үшін шетелде жылжымайтын мүлік объектілерін салу | 857 792 | | |
| | | | оның ішінде инвестициялық жобалар: | | | |
| | | | Өзгелер | 857 792 | | |
| | | | Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігінің әкімшілік ғимаратын салу | 857 792 | | |
| 217 | | | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі | 579 467 | | |
| | 072 | | Салық әкімшілігі жүйесін реформалау | 579 467 | | |
| | | 004 | Сыртқы қарыздар есебінен | 556 609 | | |
| | | | оның ішінде инвестициялық жобалар: | | | |
| | | | Өзгелер | 556 609 | | |
| | | | Салық әкімшілігі жүйесін реформалау | 556 609 | | |