Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар адамдардың тізімін орналастыру, оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау мен шеттету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 343 бұйрығы (2025.23.06. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датасреда, 1 апреля 2020
Статус
Действующийвведен в действие с 19 апреля 2020
Дата последнего измененияпонедельник, 23 июня 2025

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар адамдардың тізімін орналастыру, оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау мен шеттету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 343 бұйрығы

(2025.23.06. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Қаржы министрінің 2025.09.06. № 289 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-4) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 101) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар адамдардың тізімін орналастыру, оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау мен шеттету қағидалары бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом