«Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 348 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 257 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 348 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11002 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мына өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шарты осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрінің міндетін атқарушы | А. Ержанов |
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 30 сәуірдегі
№ 257 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрі міндетін атқарушының
2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 348 бұйрығымен бекітілген
Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың
үлгі шарты