«Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 29 тамыздағы № 281 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өзгерістер енгізетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы | М. Калиакпаров |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрілігі
Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 29 тамыздағы
№ 281 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының
тізбесі
1. «Барлық немесе жекелеген операцияларды орындау үшін темір жол станцияларын, разъездерін ашу және жабу қағидаларын бекіту туралы» Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 23 шілдедегі № 283-І бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2969 болып тіркелген) келесі өзгеріс: