Ақылы автомобиль жолымен (жол учаскесімен) жүріп өту үшін ақы алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 318 бұйрығы
Осы редакция 2015 жылғы 4 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ақылы автомобиль жолымен (жол учаскесімен) жүріп өту үшін ақы алу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті (М.Қ. Пішембаев):
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшалары көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы | Ж. Қасымбек |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов
2015 жылғы 15 сәуір
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
Қ. Қасымов
2015 жылғы 2 сәуір
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрі міндетін атқарушының