«Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 29 маусымдағы № 377 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10666 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларында:
9-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
2) жауапкершілігі II (қалыпты) деңгейдегі объектілер:
өнеркәсіп объектілері, өндірістік ғимараттар, құрылыстар:
өрт, жарылыс, газ, химиялық агрессивті, улы және уытты заттар бойынша қауіпті емес өндірістік-шаруашылық құрылыстарын (биіктігі 2 қабаттан жоғары және алаңы 2000 шаршы метрден жоғары қоймалар және тауарлар мен материалдарды сақтау үшін ерекше жағдайларды, сондай-ақ өзге де жобалау шешімдері мен іс-шараларды талап ететін, сақтау қоймаларын) қоса алғанда, жалпы аралығы 12 метрден (қоса алғанда) 100 метрге дейінгі, биіктігі 12 метрден (қоса алғанда) 100 метрге дейінгі және (немесе) жүк көтергіштігі 5 тоннадан (қоса алғанда) 32 тоннаға дейінгі крандары бар өндіріс объектілері (машина жасау, көлік, құрастыру, өңдеу, жеңіл және басқа да өнеркәсіп салаларының объектілері);
қуаты 150 МВт (Мега Ватт) дейінгі жылу-энергетика ғимараттары мен құрылыстары;