Құрылыс обьектілерінің техникалық күрделілігін айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 161 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексі 24-бабының 38) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құрылыс обьектілерінің техникалық күрделілігін айқындау қағидалары;
2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркəсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы | Р. Исакулов |
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 10 сәуірдегі
№ 161 бұйрығына 1-қосымша
Құрылыс объектілерінің техникалық күрделілігін айқындау
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Құрылыс объектілерінің техникалық күрделілігін айқындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 24-бабының 38) тармақшасына сәйкес әзірленді.