Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫН ҚҰРУ ТУРАЛЫ...

Информация о документе
Датапятница, 1 июля 2016
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 1 июля 2016

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 1 шілдедегі № 389 Қаулысы

 

Осы редакция 2017 жылғы 17 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - қор) құрылсын.

2. Қор қызметiнiң негізгi нысанасы аударымдар мен жарналарды шоғырландыру, медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілері көрсететін қызметтерді сатып алу және оларға ақы төлеуді жүзеге асыру болып айқындалсын.

3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық бюджет қаражатының есебінен 106050000 (бір жүз алты миллион елу мың) теңге мөлшерінде қордың жарғылық капиталын қалыптастыруды қамтамасыз етсін.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) әділет органдарында қорды мемлекеттік тіркеуді және қордың жарғысын бекітуді;

2) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне қор акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарын беруді;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2016 жылғы 1 шілдедегі

№ 389 қаулысымен

бекітілген

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом