«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 28 желтоқсандағы № 504 «Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 3 шілдедегі № 288 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге тарифтерді қалыптастыру әдістемесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 28 желтоқсандағы № 504 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35569 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге ақы төлеу қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: