Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының басшы лауазымдарының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 13 наурыздағы № 210 бұйрығы
Осы редакция 2023 жылғы 23 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңы 31-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының басшы лауазымдарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті (А.М.Сайтбеков) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаментіне (А.М. Сайтбеков) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрі | Е. Тургумбаев |
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2020 жылғы 13 наурыздағы
№ 210 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының басшы лауазымдарының
тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің және оның ведомстволары бойынша:
1) министрдің бірінші орынбасары;
2) министрдің орынбасары;
3) аппарат басшысы;
4) комитет төрағасы;
5) комитет төрағасының бірінші орынбасары;
6) комитет төрағасының орынбасары;
7) департамент бастығы;
8) департамент бастығының орынбасары;
9) дербес басқарма бастығы;
10) дербес басқарма бастығының орынбасары;
11) комитеттің, департаменттің басқарма бастығы;