Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі бірыңғай цифрлық платформаны басқару және оны пайдалануға бірыңғай қолжетімділік нүктесін ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 29 қаңтардағы № 100 бұйрығы
«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі бірыңғай цифрлық платформаны басқару және оны пайдалануға бірыңғай қолжетімділік нүктесін ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Әділет министрі | Е. Сарсембаев |
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2026 жылғы 29 қаңтардағы
№ 100 бұйрықпен бекітілген
Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі бірыңғай цифрлық платформаны басқару және оны пайдалануға бірыңғай қолжетімділік нүктесін ұсыну
қағидалары
1 тарау. Жалпы ережелер