«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 11 қарашадағы № 559 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12 желтоқсандағы № 492 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 11 қарашадағы № 559 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25128 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
| Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі | А. Аймагамбетов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрі
2022 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 492 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2021 жылғы 11 қарашадағы
№ 559 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу
қағидалары