Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 29 қыркүйектегі IV сессиясының № 84 «Қарағанды облысының әлеуметтік маңызы бар қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастар тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қарағанды облыстық мәслихатының 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 529 шешімі
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 14 бабы 1 тармағының 5) тармақшасына сәйкес, Қарағанды облыстық маслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 29 қыркүйектегі IV сессиясының № 84 «Қарағанды облысының әлеуметтік маңызы бар қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастар тізбесін айқындау туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3995 тіркелген, 2016 жылғы 22 қазандағы № 173 (22278) «Орталық Қазақстан», №137 (22082) «Индустриальная Караганда» газеттерінде, 2016 жылғы 26 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау құрылыс, көлік және коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Н.И. Иманов).
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыстық мәслихат хатшысы, Сессия торағасы | С. Утешов |
Қарағанды облыстық мәслихатының
2020 жылғы 23 сәуірдегі
№ 529 шешіміне қосымша
Қарағанды облыстық мәслихатының
2016 жылғы 29 қыркүйектегі
IV сессиясының №84 шешіміне
қосымша
Қарағанды облысының әлеуметтік маңызы бар қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастар
тізбесі
| № | Маршрут атауы (маршрут нөмірі) |
| 1 | 2 |
| Қарағанды қаласының қала маңындағы қатынастары |
| 1 | №71 «Қарағанды-Көкпекті» |
| 2 | №72 «Қарағанды-Қарақұдық» |
| 3 | №73 «Қарағанды-Жаңа өзен» |
| 4 | №118 «Қарағанды-Жұмабек» |