Введите номер документа
Прайс-лист

«2025 жылға пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) тізбесі мен субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) арналған субсидиялар көлемін бекіту туралы» Алматы облысы әкімдігінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 140 Қаулысы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датасреда, 28 мая 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 15 июня 2025
Дата последнего изменениясреда, 28 мая 2025

2025 жылға пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) тізбесі мен субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) арналған субсидиялар көлемін бекіту туралы
Алматы облысы әкімдігінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 140 Қаулысы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) 2025 жылға субсидияланатын пестицидтердің, биоагентердің (энтомофагтардың) тізбесі және субсидиялар нормалары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;

2) 2025 жылға пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) арналған субсидиялар көлемі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Алматы облысының әкімі

М. Султангазиев

 

Алматы облысы әкімдігінің

2025 жылғы 28 мамырдағы

№ 140 қаулысына 1-қосымша

 

 

2025 жылға арналған пестицидтерге, биологиялық агенттерге (энтомофагтарға) 1 литрге (килограмм, дана) берілетін субсидиялардың тізімі мен нормалары

 

Пестицидтің түрі

Белсенді зат

Субсидия нормасы

Өлшем бірлігі

1

******ЯКУДЗА, суда диспергирленетін түйіршіктер

ацетамиприд, 400 грамм/килограмм

11161

килограмм

2

*****САНСЭР КОМБИ, суспензиялық концентрат

тебуконазол, 337 грамм/литр + флутриафол, 78 грамм/литр + клотианидин, 73 грамм/литр

8594

литр

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами