Введите номер документа
Прайс-лист

«Кезекшілік атқару кезінде, сондай-ақ авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезеңінде кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын ұстауға бөлінетін қаражаттар есебінен шығыстардың ақысын төлей отырып, құтқарушыларды тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығы (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 27 марта 2015
Статус
Утратил силу
утратил силу с 20 сентября 2025

Кезекшілік атқару кезінде, сондай-ақ авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезеңінде кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын ұстауға бөлінетін қаражаттар есебінен шығыстардың ақысын төлей отырып, құтқарушыларды тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығы

 

ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2025 жылғы 2 қыркүйектегі № 382 бұйрығымен күші жойылды

 

«Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-24) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берiлiп отырған кезекшілік атқару кезінде, сондай-ақ авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезеңінде кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын ұстауға бөлінетін қаражаттар есебінен шығыстардың ақысын төлей отырып, құтқарушыларды тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету нормалары бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров) заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрі

полиция генерал-лейтенанты

 

 

Қ. Қасымов

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрі

Б. Сұлтанов

2015 жылғы 27 сәуір

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2015 жылғы 27 наурыздағы

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом