Осы редакция 2016 жылғы 31 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Әділет министрінің 2015.07.12. № 613 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 251 бұйрығына
5-қосымша
«Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2015.07.12. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік (бұдан әрі - Көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру:
1) Министрліктің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Сараптама ұйымы);
2) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген кезден бастап - 9 (тоғыз) ай ішінде;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 10 (он) минут.
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 10 (он) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - Тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінде тіркелген тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын тіркеу не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы берілетін дәлелді жауап.