Медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың қауіпсіздігін жіктеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 764 бұйрығы
Осы редакция 2019 жылғы 30 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы кодексінің 83-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың қауіпсіздігін жіктеу ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметін бақылау комитеті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. «Қазақстан Республикасында медицина техникасы мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігін жіктеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 25 мамырдағы № 330 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4777 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінің 2007 жылғы 10 тамыздағы № 122 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Индустрия және сауда
министрінің міндетін атқарушы
_______________ Т. Жақсылықов
2009 жылғы 25 қараша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 24 қарашадағы
№ 764 бұйрығымен бекітілген