«Шымкент қаласының аумағын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 60/521-6с шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Шымкент қаласы мәслихатының 2024 жылғы 11 шілдедегі № 19/162-VIII шешiмi
Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Шымкент қаласының аумағын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 60/521-6с шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 85 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Шымкент қаласының аумағын абаттандыру қағидалары осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы | Б. Нарымбетов |
Шымкент қаласы мәслихатының
2024 жылғы 11 шілдедегі
№ 19/162-VIII шешіміне қосымша
Шымкент қаласы
мәслихатының 2020 жылғы
31 қаңтардағы № 60/521-6с
шешіміне қосымша
Шымкент қаласының аумағын абаттандырудың
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Шымкент қаласының аумағын абаттандырудың қағидалары (бұдан әрі -Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-15) тармақшасына сәйкес әзірленді және құқықтық мәртебесі мен шаруашылық қызмет нысандарына қарамастан, барлық заңды тұлғалар, жеке тұлғалар, сондай-ақ аула және қоғамдық аумақтарды абаттандыруға жауапты лауазымды адамдар үшін Шымкент қаласының аумағын абаттандыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалардың мақсаты елді мекендердегі аумақтардың кешенді және орнықты дамуына ықпал ететін қауіпсіз, жайлы, ыңғайлы, экологиялық қолайлы және тартымды қалалық орта құру болып табылады.
3. Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар: