Құрылымдық статистика бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2020 жылғы 4 ақпандағы № 14 бұйрығы
(2022.01.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2023 жылғы 4 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 2022.01.02. № 4 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 17-тармағы 24) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) «Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп» (индексі 1-ПФ, кезеңділігі тоқсандық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп» (индексі 1-ПФ, кезеңділігі тоқсандық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп» (индексі 1-ПФ, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) «Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп» (индексі 1-ПФ, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5) «Микрокредиттік қызмет туралы есеп» (индексі 1-МКО, кезеңділігі тоқсандық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;