Инфрақұрылымдық алымдарды есептеу әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 24 наурыздағы № 175 бұйрығы
Осы редакция 2024 жылғы 3 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 14-бабы 1-тармағының 41-78) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Инфрақұрылымдық алымдарды есептеу әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы | И. Шархан |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау
және дамыту агенттігі
Қазақстан Республикасы Индустрия
және инфрақұрылымдық даму
министрі міндетін атқарушының
2023 жылғы 24 наурыздағы
№ 175 бұйрықпен
бекітілген
Инфрақұрылымдық алымдарды есептеу
әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы инфрақұрылымдық алымдарды есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-78) тармақшасына сәйкес әзірленді.