Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлік туралы мәліметтердің нысанын, оларды ұсыну қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2019 жылғы 19 ақпандағы № 1 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген, Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану қағидаларының 5-тармағына, сондай-ақ «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлік туралы мәліметтердің нысаны;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлік туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының:
1) «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлік туралы мәліметтерді ұсыну ережелерін бекіту туралы» 2005 жылғы 22 қыркүйектегі № 425 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3873 болып тіркелген, 2005 жылғы 28 желтоқсандағы № 243-244 «Юридическая газета» газетінде жарияланған);
2) «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлік туралы мәліметтерді ұсыну ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының 2005 жылғы 22 қыркүйектегі № 425 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 7 қыркүйектегі № 434 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4414 болып тіркелген, 2006 жылғы қарашада Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, № 16, 124-құжат) бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.