«2020-2022 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 54-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 қазандағы № 64-3 шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109 бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «2020-2022 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 54-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4480 болып тіркелген, электрондық түрде 2019 жылдың 31 желтоқсанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақта:
1) тармақшадағы «72621427» сандары «73616859» сандарымен ауыстырылсын;
«12025696» сандары «12436993» сандарымен ауыстырылсын;
«183008» сандары «154711» сандарымен ауыстырылсын;
«3369975» сандары «5035510» сандарымен ауыстырылсын;
«56742748» сандары «55989645» сандарымен ауыстырылсын;
2)тармақшадағы «94737772» сандары «92857667» сандарымен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «447983» сандары «651983» сандарымен ауыстырылсын;
«447983» сандары «651983» сандарымен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «-22564328» сандары «-19892791» сандарымен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «22564328» сандары «19892791» сандарымен ауыстырылсын;
«24497598» сандары «22949596» сандарымен ауыстырылсын;
«3956562» сандары «5080097» сандарымен ауыстырылсын.
2 тармақта:
«441273» сандары «579822» сандарымен ауыстырылсын.
Аталған шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау және интернет-ресурстарында жариялауды қалалық мәслихаттың бюджет және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2020 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.
| Тараз қалалық мәслихаты сессиясының төрағасы | Ш. Усенбаев |