«Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі мемлекетаралық комиссияның қазақстандық бөлігі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 наурыздағы № 169 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 10 қарашадағы № 945 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі мемлекетаралық комиссияның қазақстандық бөлігі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 наурыздағы № 169 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі мемлекетаралық комиссияның қазақстандық бөлігінің құрамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөнiндегi мемлекетаралық комиссияның қазақстандық бөлiгi туралы ережеде:
«1. Жалпы ережелер» деген тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Комиссияның құрамы мен ол туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
3-2. Қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарының өкілдері ҰҚШҰ ӘЭЫМК отырыстарына қатысады.»;
«2. Комиссияның функциялары» деген тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Комиссияның функциялары»;
«3. Комиссияның құрамы» деген тақырып алып тасталсын;
9 және 10-тармақтар алып тасталсын;
«4. Комиссия қызметін ұйымдастыру» деген тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Комиссия қызметін ұйымдастыру».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің