Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі суды есепке алу аспаптары мен жүйелерін таңдау, монтаждау және пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 8 тамыздағы № 295 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 25-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы Ереженің 15-тармағы 449) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі суды есепке алу аспаптары мен жүйелерін таңдау, монтаждау және пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Мынадай бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі суды есепке алу аспаптарын таңдау, монтаждау және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 621 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12111 болып тіркелген);
2) «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 485 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14707 болып тіркелген).
3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.