Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің қызметкерлерін Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге және логикалық ойлау қабілетіне компьютерлік тестілеуден өткізу Қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 8 шілдедегі № 69 бұйрығы
(2015.05.01. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 8 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Құқық қорғау органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің қызметкерлерін аттестаттау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге және логикалық ойлауға компьютерлік тестілеуден өткізу Қағидалары бекітілсін.
2. Кадр жұмысы департаментінің бастығы осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуге шаралар қабылдасын.
3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің барлық қызметкерлері таныстырылсын.
4. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры | А. Дауылбаев |
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2014 жылғы 8 шілдедегі
№ 69 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу кезінде
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге және логикалық ойлауға компьютерлік тестілеуден өткізудің
Қағидалары
1. Жалпы ережелер