Ішкі істер органдары қабылдау-тарату орындарының ішкі тәртіп ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 10 бұйрығы
(2020.05.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 23 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ішкі істер министрінің 2020.05.05. № 374 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы» 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 46-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ішкі істер органдары қабылдау-тарату орындарының ішкі тәртіп қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В.Лепеха) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция полковнигі Қ.С.Тыныбековке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В.Лепеха) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министр полиция генерал-лейтенанты | Қ. Қасымов |
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2012 жылғы 9 қаңтардағы
№ 10 бұйрығымен
бекітілген
Ішкі істер органдары қабылдау-тарату орындарының ішкі тәртіп
қағидалары
ҚР Ішкі істер министрінің 2020.05.05. № 374 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Ішкі істер министрінің 2020.05.05. № 374 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)