Азаматтық-құқықтық саладағы соттық статистикалық есептердің нысандарын және оларды қалыптастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2017 жылғы 2 қарашадағы № 124 бұйрығы
(2021.27.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 16 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы 2017 жылғы 37 маусымдағы Заңының 37-бабы 6)-тармақшасын басшылыққа ала отырып БҰЙЫРАМЫН:
1. Бекітілсін:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Бірінші сатыдағы соттардың азаматтық істерді қарауы бойынша есеп» № 2-нысаны;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Апелляциялық сатыда азаматтық істерді қарау бойынша есеп» № 7 нысаны;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Кассациялық сатыда азаматтық істерді қарау бойынша есеп» № 7-К нысаны;
4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес «Кассациялық сатыда сот актілерін қайта қарау бойынша есеп» № 8-К нысаны;
5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес «Бірінші сатыдағы сотпен қаралған азаматтық іске (арыз) 1 электрондық ақпараттық есепке алу құжаты» нысаны;
6) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес «Апелляциялық сатыдағы сотпен қаралған азаматтық іске 2 электрондық ақпараттық есепке алу құжаты» нысаны;
7) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес «Кассациялық сатыдағы сотпен қаралған азаматтық іске 3 электрондық ақпараттық есепке алу құжаты» нысаны;
8) осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы сот органдарының ақпараттық жүйесіне электрондық ақпараттық есепке алу құжаттарын енгізу және азаматтық-құқықтық саладағы есептерді қалыптастыру туралы нұсқаулық.