Мемлекеттік бақылау субъектісіне берілетін Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаудың нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 27 сәуірдегі № 127 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 2-11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген мемлекеттік бақылау субъектісіне берілетін Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаудың нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі | Е. Карашукеев |
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2022 жылғы 27 сәуірдегі
№ 127 бұйрығымен
бекітілген
Нысан
Мемлекеттік бақылау субъектісіне берілетін Қазақстан Республикасы жер заңнамасының
талаптарын бұзушылықтарды жою туралы
нұсқау
20___ жылғы «___» __________№________
_____________________________________________________________________________________
(жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган
______________________________________________________________________________________
ведомствосы аумақтық бөлімшесінің атауы (бұдан әрі – аумақтық бөлімше)
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 145-1-бабына сәйкес Сізге,
__________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасының шетелдік қатысушылары жоқ мемлекеттік емес заңды