Пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орнын (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындарының тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу өлшемшарттарын, сондай-ақ Рентабельділік деңгейін және рентабельділіктің ішкі нормасының деңгейін айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 1102 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Салық кодексі 753-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орнын (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындарының тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу өлшемшарттары;
2) Рентабельділік деңгейін және рентабельділіктің ішкі нормасының деңгейін айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 1102 қаулысымен
бекітілген
Пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орнын (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындарының тобын кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу
өлшемшарттары
| Пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орнын (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындарының тобын, кен орнының бір бөлігін) (бұдан әрі - кен орны) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу өлшемшарттары | Кен орны бойынша рентабельділік нормасы |
| Алдағы күнтізбелік жылдың немесе ағымдағы аяқталмаған күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша кен орнының рентабельділік деңгейі | 5% ≥ кен орны бойынша рентабельділік деңгейі |